Өлең, жыр, ақындар

Ядвига

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1490
Көздерінен өзгенің,
Сенің көкшіл көздерің.
Айырықша тым өткір,
Белорустың аспаны,
Белорустың орманы,
Белорустың өзені
Сол көздерге түнеп тұр.
Үйірілген толқындай,
Көк көйлегің кестелі.
Тарттың жайдың отындай
Артық айтсам кеш мені.
Сипап өтер шашыңды
Болар ма едім кеш желі,
Ядвига! Кеш мені.
Құл-күң етіп қорлауға
Жау тигенде жалақтап,
Жүрдің қалың орманда,
Қолға қару-жарақты ап.
Қатал етті қан майдан
Сендей қызды жаны аппақ.
Ядвига атыңнан
Шошынды жау алақтап.
Ядвига — батыл жан,
Ядвига — партизан.
Ядвига, ақынмын,
Бауырыма тартамын,
Қарындасын Якубтың,
Қарындасын Янканың.
Аралаймын өзіңмен,
Белорустың алқабын.
Түсіп орман жолына,
Бір жүремін қатып түн.
Кілтін бердім қолына
Мендегі бар уақыттың.
Ядвига!
Жүреміз
Ертең ерте Неманға.
Ессін шаттық желі алда.
Ядвига!
Жүреміз
Ертең ерте Неманға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

А. И. Одоевскийге ескерткіш

  • 0
  • 0

Білем оны: шығыстың тауларында,
Екеуміз жапа шегіп бірге болдық.
Қуғынның қайғысы мен арманын да,
Екі дос еншіміздей бірге бөлдік.

Толық

Мен москва қолтығында

  • 0
  • 0

Мен қазір Москваның қолтығында,
Жүземін Москва өзен толқынында.
Жүйткідім көктен түсіп, жер астымен,
Кеудеме кең ауасын толтырдым да.

Толық

Айдарлыда айдарбай

  • 0
  • 0

Алғашында Айдарлы,
Тау екен бір айбарлы.
Сай тасындай сансыз қол,
Салды бір күн майданды.

Толық

Қарап көріңіз