Өлең, жыр, ақындар

Күз демі

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2251
Шалқар егін шалқиды тудай
Шайқалғанда жел жетіп.
Толқиды бидай, толқиды тынбай
Даланы дәнмен тербетіп.
Түндерде беті дуылдап от боп,
Жалындап дала жанады.
Найзағай жерде зуылдап жоқ боп,
Жұлдыздар жерде ағады.
Сол оттар көшкен түн ішінде
Егіншінің іздері.
Сары ала бауырсақ иісіндей
Қытықтайды күз демі.
* * *
Теңіз-ау, сенің долданған
Мінезің тентек әбес тым.
Төсіңнен бұлт торлаған
Жағаңа тегі әуеспін.
Емес бұл менің қорқуым,
Ашулы ала көзіңнен.
Ойнақы жеңіл толқының,
Алысқан талай өзіммен.
Шашы бейне толқының,
Көріп ем бір қыз жаңада,
Бермейді жанға сол тыным,
Ғашық қып алыс жағаға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңдағы крест

  • 0
  • 0

Кавказдың бір серегімәлім маған,
Тек қана бүркіт жетіп дамылдаған.
Сол жерде ағаш крест қалтырайды,
Шіриді жауындар мен дауылдардан.

Толық

Бүркітті

  • 0
  • 0

Көкшетаудың қасында
Биік емес бұл тіпті,
Бұлты да жоқ басында,
Бірақ аты Бүркітті.

Толық

Қасиеті халықтың

  • 0
  • 0

Жақын түскен снаряд
Үй ішіне қалды өтпей.
Тұр күмбезі жарқырап,
Секілді жан бір беткей.

Толық

Қарап көріңіз