Өлең, жыр, ақындар

Әке сайысы

Бұл әлемде балам жарық жұлдызым
Ұлым үшін биік қамал тұрғыздым
Адал бол деп адамдыққа үйретіп 
Бар жаныммен жанын нұрға толтырдым

Мақсатым бір ұлым өссін, жетілсін
Өз елінің мәртебесін өсірсін
Халық үшін еңбек етер жан болып
 Нағыз мықты азамат боп бекінсін.

Одан басқа арманым жоқ өмірде
Өссе деймін дақ түсірмей көңілге
Ахмет деген міне менің батырым
Нық тұратын дәл өзімдей сенімге 

АХМЕТ
Сәлем бердім көрерменге жиналған
Әкем үшін бүгін өлең арнағам
Алтай әкем менің асқау тауым ғой
Мен әкемді қорғаным деп мақтанам

Ауған соғыс ардагер, ол мықты
Жауға қарсы тұра алған, ол күшті
От пен оқтың арасынан қорықпай
Аман есен Отанымен жолықты.

Мақтай берем мақтай берем әкемді
Биік ұстап жүре аламын еңсемді
Әке барда менен мықты қайда бар
Мен елімнің батырымын ертеңгі



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Темірбек нағашыға арнау

  • 0
  • 0

Таудай бізге көрінетін Нағашым
Елі сыйлап берген алтын бағасын
Мақсаттары орындалып аңсаған 
Ізін басқан ұлы жолын жалғасын.

Толық

Алмас Курманалиұлы

  • 0
  • 0

Алдына сәби сұрап келгенімде
Лезде үміт ұялатты көздеріме
Мейірімге толған ғажап сөздерімен
Алға қарай жол ашты ертеңіме.

Толық

Қарт ана

  • 0
  • 1

Кең екен аналардың құшағы да,
Тірліктің мәнін таптық құшағында
Өткеннің сәулесіндей шуақ шашып
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Толық

Қарап көріңіз