Өлең, жыр, ақындар

Айналдым, сенің сағынғаныңнан

  • admin
  • 19.04.2024
  • 0
  • 0
  • 34
Айналдым, сенің сағынғаныңнан,
“Серігім, сені сағындым!” – депсің.
Айналдым жылап, жалынғаныңнан,
“Тәңірден тілеп, жалындым” – депсің.
Тәңірдің қайтып қаһары, зәрі,
Тағдырдың тәтті тартылар дәмі.
Өмірі адамның аумалы емес пе,
Жайдары күндерім бар шығар әлі.
Көзіңнің жасын көрер жаратқан,
Жақсылық күт те, барға тағаттан.
Кәусар суындай тазарып келем,
Тамшылап өтіп сүзгі-сараптан.
Шыдай гөр-дағы, шыдай гөр, жаным,
Тілегім осы, тұншыққан зарым.
Қайғы мұңменен өткізіп жатсың,
Өміріңнің ең көрікті шағын.
Келте тонындай сайқымазақтың,
Біз көрген бақыт қысқа, аз-ақ тым.
Дүниеден аппақ түңілу – күнә,
Шегі бар шығар мынау азаптың…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махамбетті қайта жерлеу рәсімінен кейінгі ой

  • 0
  • 0

Қатар өткен жастық шағы тай-құлын,
Бір заманның еркін кешкен айдынын.
Қалайша ұғып, түйсінбеген Ықылас,
Махамбеттің жырларының айбынын?

Толық

Тәуба

  • 0
  • 0

Мұңлық ем,
Мұңым жалмаған,
Зарлық ем,
Заржақ зарлаған.

Толық

Қаройдағы ой

  • 0
  • 0

Түнереді Қаройдың қанды аспаны,
Ой үзілді, ұштасып, жалғаспады.
Сатқындардың, қинайды, төрге өтіп-ап,
Қапылыста жағаға жармасқаны!

Толық

Қарап көріңіз