Өлең, жыр, ақындар

Саған ғана...

  • admin
  • 19.04.2024
  • 0
  • 0
  • 33
Атыңды айтсам, әлі күн тебіренем,
Ескерткішің қалдырған сенің -өлең.
Тағдыр шіркін жазбапты қосылуды,
Бірге ғұмыр кешуді сеніменен.
Содан бері өлең дос меніменен,
Көңіл мұзы өлеңсіз ерімеген.
Мен мұңайсам, сені аңсап бейуақта,
Жаутаң-жаутаң етеді елік өлең.
Саған ғана арналар шыншыл жырым,
Адасқанда төбемде қынжылды Күн.
Бәрін біліп, білмеппін махаббаттың,
Махаббаттың білмеппін мың жылдығын.
Жасырумен сезімді жылдар өтті,
Сорлы көңіл әр нені сылтау етті.
Жарым есті жастығым ойнақтаған,
Ермегіне тағдырын құрбан етті.
Жақын келе елудей ер жасына,
Толғауыма болар ма, енді ашыла.
Жүректегі сол сезім мызғымаған,
Не болармын таясаң сен қасыма?!..
Сол сезімім сақтаулы, мұқалмаған,
Әнім көшіп, әлемім жұтаңдаған.
Қарайлаумен күрсініп өтермін бе,
Бұл өмірден қалпымда ұта алмаған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы да қаздар қайтты

  • 0
  • 0

Тағы да қаздар қайтты,
Қиқулап аспанымнан.
Тағы да мұң-сырды айтты,
Ой әлек қас қағымда.

Толық

Мен берген сары жапырақ

  • 0
  • 0

Мен берген сары жапырақ
сақтаулы жүр екен әлі,
Ол бәлкім ескерткіш шығар,
ал бәлкім махаббат әні.

Толық

Кеудемде жыр қайнағанда

  • 0
  • 0

Аппақ асыл сезімдерім,
Бір сәт мызғып, көз ілмеді.
Ақ қағазға түсті жырым,
Мейірімдей көзімдегі.

Толық

Қарап көріңіз