Өлең, жыр, ақындар

Ақ әжем

  • admin
  • 19.04.2024
  • 0
  • 0
  • 45
Ақ бесігін тербеткен,
Мейіріміне шөлдеткен,
Бесік жырын төгілтіп,
Әлдилеген, әндеткен.

Ақ кимешек киінген,
Ағаш ұршық иірген.
Қадамыма сәт тілеп,
Қылығыма сүйінген.

Қазанда құрт қайнатқан,
Желіге құлын байлатқан,
Бауырсағын пісіріп,
Дастарқанын жайнатқан.

Дәм татқызып тортадан,
Қаққан мені арқадан,
Шаңырақтың күні боп,
Шуақ төккен ортадан.

Таныстырдым, білмесең,
Ақ әжем – ол. «Кім?» десең.
Сені жақсы көрмейді
Тақпақ жаттап жүрмесең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз