Өлең, жыр, ақындар

Қазақша күрес

  • admin
  • 27.03.2024
  • 0
  • 0
  • 80
Осал жағын көп бағып,
Қарсыласыңды алып ұр.
Мықты біреу шот салып,
Жығып кетер бәрібір.
Күресем деп шығыпсың,
Еңсеңді сен, тұр, көтер.
Алып ұрсаң, жігітсің,
Жердің шаңы «бұрқ» етер.
Ақырын жүр, алданба,
Тәсілі оның бар басқа.
Сәл тікейіп қалғанда,
Сал бәленді жамбасқа!
Айлакер ол,
Байқарсың,
Сүріндің бе, тұрып кет!
Күрес маңы айқай шу,
Ұран, ақыл, үгіт көп.
Әне біреу ән сап тұр,
Әне біреу жар сап тұр.
Палуан да шаршап тұр,
Көрермен де шаршап тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зымыран

  • 0
  • 0

Тұрып алып қырынан,
(Көп – ау мұның азабы?!)
Ұясы үшін зымыран
Бір құлаш ін қазады.

Толық

Си

  • 0
  • 0

Есімім «си» қарашы,
Сызық бойы тұрағым.
«До» мен «до»-ның арасын,
Толықтырып тұрамын.

Толық

Ля

  • 0
  • 0

Сан жыр-күйге сән бердім,
Бойымда күш, тола ағын.
Көбінесе әндердің,
Қайырмасы боламын.

Толық

Қарап көріңіз