Өлең, жыр, ақындар

Пенделіктің пейілі

  • admin
  • 26.03.2024
  • 0
  • 0
  • 36
Көкелердің қылжағы күйдірген соң ішімді,
Бағы жанған өтірік басатындай мысымды.
Аңғарылмас ағаттық адамдарда баршылық...
Мінезімді мінеп ап, саралаймын ісімді.

Әлеміңде аз ба еді шермен кеткен шермен кеп,
Адалыңды әманда алады екен тер, меңдеп.
Самайына ақ кірген сарапшының өзі де,
Салымсыздау пендемен санасқанын
көргем жоқ.

Ардың барын арманда селт етпейді сезбеген,
Мезі қылған қылықтан мекерлікпен безбегем.
Тәңірім-ау, неліктен кеткен сонша көбейіп,
Алдындағы тұрғанды аңғармайтын көз деген.

Жымқырылып жыл кетті...
Өткізесің айды ауыр,
Тағдыр деген кәдімгі талшық емес майда бір,
Көсілгендер күпініп сөз бермейді басқаға,
Жарылқайтын мықтының жақсылығы
қайда жүр?!

Қысатындар көбейді қимасындай құшақтап,
Адалдығың алдымнан шығар ма екен түсі
аппақ.
Шыныменен ақшаның сиқырына арбалып,
Пенделіктің пейілі кеткені ме ұсақтап?!

Салқын тартқан санамен өз ортаңа қарап өт,
Түйсіктері түтеген дарақы мен дана көп.
Жұмағыңды жоғалтсаң тамұғыңды табасың,
Өмір деген өтпелі...
Одан басқа пана жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк ту

  • 0
  • 0

Тамашалап қайтуға
Астанаға барғанбыз,
Тіл жетпейтін айтуға
Одан әсер алғанбыз.

Толық

Неге ғана

  • 0
  • 0

Сарбазың көп болғанмен сапта көрген,
Жайғасқан жерде жетім, тақта мерген.
Бәрібір абызыңа айналмайды,
Көпіртіп мәңгүртіңді мақтағанмен.

Толық

Созып келем

  • 0
  • 0

Келе бер қырсық, шіркін, келсең мейлі,
Сарнаған сарапшыға ел сенбейді.
Теңгенің теңсіздігі неге ғана,
Бағамен базардағы өлшенбейді.

Толық

Қарап көріңіз