Өлең, жыр, ақындар

Абай атамызға арнау

Бар әлемді таң қалдырған ойыменен,
Желсіз түнде жарық еткен айыменен.
Көзімнің қарасы деп әуендеткен,
Сазгер, ақын тамсандырды сөзіменен.

Абайды жастай оқы, есте сақта,
Жетерсің сонда ғана бар мұратқа
Тәлімменен тәрбиені ұштастырған,
Есте қалды дана Абай жақсы атта.

Әлсапалық дәуірге терең сүңгі,
Сонда ғана байқарсың мұңлы үнді.
Оқ бойы озық тұрған мына күнгі,
Абай ақын жастарға ғажап үлгі.

Өлеңдерін ермек үшін жазбаған,
Үлгі етіп, жас ұрпаққа арнаған
Қара сөзді түсініп, ой толғаған,
Біз жастармыз Абай жолын жалғаған!

Әлемдік мәдениеттің көркем тұлғасы,
Есте қалды жадымда жарқын сұлбасы
Даналықпен, даралықпен ұштасқан,
Жарқын бейне көз алдымда тұр әлі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар