Өлең, жыр, ақындар

Айдаһарды арбау

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 58
Жағып күймен отты да,
Табады екен жоқты да.
Жыршы, күйші, көріпкел,
Би де бопты Кетбұға.
Ғажап дейді ел үні де,
Өткір екен тілі де.
Тап болыпты ол бірде
Айдаһардың ініне.
Айдаһар іннен шығады,
Маңай тегіс тынады.
Кетбұғаны көріп ол
Жұтпақшы боп тұрады.
Таусылған ол амалы,
Жерге отыра қалады.
Айдаһардан қорғанып
Қобызды қолға алады.

Күйші ғой ол арқалы
Сұңқылдатып тартады.
Айдаһардың күйге бұл
Кетеді еріп жан-тəні.
Келген еді құнығып,
Көзі ашылып, жұмылып,
Шарасыз күй кешеді,
Тұрып, қайта жығылып.
Күй от болып жетеді,
Өңменінен өтеді.
Айдаһардың өзегі
Жанып ұйықтап кетеді.
Естіп тау, тас, көл күйді
Тау құлап, су толқиды.
«Айдаһарды арбау» деп
Тартып жүр ел сол күйді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кекілік

  • 0
  • 0

Адам көрсе, қашады,
Сонша неге сасады?!
Жүреді ылғи далада,
Оған кім жем шашады?!

Толық

Желмая

  • 0
  • 0

Есейіп,
Қорқыт бір күні
Нағашысына келеді.
«Таутайлақтың бұл тұқымы», –

Толық

Бүркітші

  • 0
  • 0

Аңшы, бірақ бұл тіптен
Шықпайды аңға мылтықпен.
Аң мен құсты бүркітші
Аулайды ылғи бүркітпен.

Толық

Қарап көріңіз