Өлең, жыр, ақындар

Адамдықтың диқаншысы

  • admin
  • 16.02.2024
  • 0
  • 0
  • 58
Ахмет асқан дарын еді,
Талантын сол танып елі,
«Ол – елінің болашағы,
Ол – елінің бағы!», – деді.
Бұл сөздерді ұлына айтқан,
Халық қалай біліп айтқан?!
Сол халықтың
Өскеннен соң
Ахмет қой мұңын айтқан.
Сыйласа елі танып ерін,
Көмектесті ол бəріне елдің.
Адамдықтың дəнін сеуіп,
Айналды аппақ таңына елдің!
«Əр күн бақыт алып келсін,
Жердің құтын халық көрсін!», –

Деп Ахмет
Адамдықтың
Жасады алғаш «Əліппесін!
***
Оқысаң – білім аласың,
Біріксең – күшті боласың.
Білмесең дұрыс-бұрысты,
Азасың, артта қаласың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүркітші

  • 0
  • 0

Аңшы, бірақ бұл тіптен
Шықпайды аңға мылтықпен.
Аң мен құсты бүркітші
Аулайды ылғи бүркітпен.

Толық

Амандасу

  • 0
  • 0

Үлкенге де, кішіге
Өте шықпай шалқайып,
Ізет етсең кісіге,
Қалмай ма өсіп, марқайып?!

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Еділдің бойын жайлаған,
Мыңғыртып малын айдаған,
Алтын Орда атты ел болған,
Ақтұма, Бозаң сияқты

Толық

Қарап көріңіз