Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • admin
  • 14.02.2024
  • 0
  • 0
  • 147
Жас өмірімнің көгін бұлттар басқан күн,
Қайғы-қасірет тасып, бастан асқан күн.
Жан-жағымнан жылы жүзді жан таппай,
Жақын жандар қастық уын шашқан күн.
Жауыз тағдыр созған қолды қаққан күн,
Жан-тәнімді жылан, шаян шаққан күн.
Жапан түзде қара түнде жалғыз қап,
Қан дария боп көздің жасы аққан күн.
Сен көрдің де, келдің тура қасыма,
Сусын беріп, жастық қойдың басыма.
Маңдайымнан сипап, сүйіп, жұбаттың:
«Жаным құрбан, жасыңды тый, жасыма!
Мәңгілікке, міне, қолым беремін,
Тағдыр оғын көтермекке көнемін.
Қайғыланба, атса, атар алтын таң,
Жан жолдасым, өлсең, бірге өлемін!» –
Дедің де сен күліп, жолым бастадың,
Жауын, дауыл, оттан, судан қашпадың.
Қасиетті, сиқырлы сөз күшімен
Міне, азырақ есім жия бастадым...
Алтын сәулем, ақ періштем жан салған,
Кім біледі, айырса егер сұм жалған,
Жүргенімде жер жүзіңде тірі боп,
Бағынатын, табынатын сен – Аллам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәрігер

  • 1
  • 5

Маған айтты бір дәрігер:
- Таба алмассың бір ауру
Ұнамады деп айтқан
Мен істеген ем-дәру.

Толық

Жел

  • 1
  • 1

«Тәңірі ие, атпады ғой таңың!»- деп,
Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.
Естіледі терезеден темірлі,
Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп.

Толық

Жаз келеді

  • 0
  • 0

Жел жалығып, хал жиып,
Қалғып қана тербелед.
Жұмсақ қана жымиып,
Жібек қанат жаз келед.

Толық

Қарап көріңіз