Өлең, жыр, ақындар

Досқа тілек

Бала жастан бірге өскен жан досым
Бірге өстік балын татып бар жоқтың
Ата-анамыз адал еңбек күшімен
Егін орып малын бақты савхоздың

Ерінбеді аналарым қой бақты
Талай қойды өз қолымен қоздатты
Баз сылады қой қырқыды жалықпай
Сөйтіп жүріп от пен судан қорғапты

Ерте тұрып тіпті шаршап көрмеппіз
Анау жаман екен деп сөз термеппіз
Үстел толы майлы тәтті тамақтың
Қайдан келіп жатқанын да білмеппіз

Барды кидік жаңа киім демедік
Тәттіні де ауыз толып жемедік
Күндіз допты қуып-қуып ал кешке
Ескі қара романтикпен биледік.

Жидек тердік шелекті шөпке толтырып
Жөнді сабақ оқымадық отырып
Бару үшін клубтағы киноға
Ақша сұрап жүретінбіз өкіріп

Сол заманда өтті кетті алыстап
Ұмытылмас біздер үшін жарқын шақ
Сол белестің естелігі өзіңсің
Жүрген әлі жас балаша аңқылдап.

Анасыз қалған едің ерте жастан
Білемін талай қайғы өтті бастан
Ал қазір әже болдың Алла қолдап
Екі ұлың демей жүріп екі жақтан

Басына қонған бағы еселенсін
Бүгін міне тойлап жатыр немересін
Сап-сары әже болған құрдасыма
Тілеймін көрсе екен деп шөбересін

Алла қолдап осындай бақ бізге келсін
Жоқ дейміз игіліктің ерте -кешін
Жыр арнап оқып тұрған алдарыңда
Боламын ерке қызы Елекештің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анама арнау

  • 0
  • 0

Сәл жабырқап, мұңайған кездерімде,
Сені ойласам қорқыныш жоқ маған мүлде.
Өзің тірі жүргенде жан анашым.
Ауырлықты ешқашан сезбегем де.

Толық

Қарт ана

  • 0
  • 1

Кең екен аналардың құшағы да,
Тірліктің мәнін таптық құшағында
Өткеннің сәулесіндей шуақ шашып
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Толық

Бар болғаны, менің де ана болғым келді

  • 0
  • 0

Мін айтып сын айтпаңдар маған ешкім.
Аллаға шүкір деймін, жынды емеспін.
Бар болғаны ана болу бар мақсатым
Келмедіі өкінішпен өмір кешкім.

Толық

Қарап көріңіз