Өлең, жыр, ақындар

Күз жапырақ

  • admin
  • 07.02.2024
  • 0
  • 0
  • 91
Терезеден тұрсаңыз сіз бақылап,
Көңілсіз көрінеді күз, жапырақ.
Сезім жайлы сырымды айтып берсем,
Құшағына алардай бізді атырап.

Сен ұнатқан мезгілді мен де ұнатқам,
Қалай-қалай атады ендігі ақ таң.
Өлшеулі ғұмырымыз жете ме екен?!
Ең соңғы жапырақты жел құлатқан.

Бірін ұқпай сезімнің бірін ұғар,
Сен дегенде жүректің дірілі бар.
Сол жапырақ асықпай қалықтайды,
Ертеңі жоқ болған соң бүгіні бар.

Мұңая беруіміз жетер біздің,
Сен көктемсің мен саған бөтен күзбін.
Жапырақтың тағдыры секілді ме?!
Ертеңіміз бар ма екен екеуміздің?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талғар ыстық

  • 0
  • 0

Жанымды жылытпайды жанбағыс түк,
Жүргендігі болмаса алданыш қып.
Кеткім келіп тұрады саған қарай
Талғар ыстық жаныма, Талғар ыстық.

Толық

Дос тілегі...!

  • 1
  • 0

Көздері қуанатын беті күле,
Жансерік жаңа өмірдің шеті міне.
Қыста аяқ киімді ойламайсың,
Қарық болдың әскери етігіне.

Толық

Сен үшін

  • 0
  • 0

Сен үшін ақпанмын мен,
Саған ғана сырымды ақтардым мен,
Сәлем беріп келемін атқан күнмен,
Қоштасып кете берем батқан күнмен.

Толық

Қарап көріңіз