Өлең, жыр, ақындар

Он сегіз

  • admin
  • 05.02.2024
  • 0
  • 0
  • 100
Бәрі соқыр. Бәрі керең. Тас қала.
Бар наласын жалғыз ғана күз ұғып...
Сағынышы ақтармаған басқаға,
Бара жатты мезгілдің жанарынан үзіліп.

Күн кірпігі түрткілеп, оянғанда жер беті,
Таң самалы тіл қатқан сезіміне шық бейне.
Ал жүректе дір еткен бір арманның келбеті
өкінішке оранды, күз де кетті күтпей де...

Сен де кеттің... Сен де кеттің, Өзің емес,
Баска біреу болмысыңда күн кешіп.
Дәрмені жоқ дертінен безінер еш,
Жүрек қалды жалғыздықпен тілдесіп...

...Кеудесінде үміті бар көктемнен,
Тілсіз хаттың ұшпайтұғын кептері...
Сол еді ғой он сегізім өткерген,
Дерті бөлек, сезім болған өткелі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің жақта күз ғой әлі...

  • 1
  • 0

Біздің жақта күз ғой, аға, күз әлі...
Талай күндер көңілсіздеу ұзады.
Қалтыраған жапырақтай жүректің
жанын ұқпай жүр екенбіз біз әлі.

Толық

Қоңырым

  • 0
  • 0

Көңілімнен көрінсе егер мұнартып,
бір арманның биігі.
Мынау кешкен күндерімнен мың артық
үмітімнің күйі бұл.

Толық

Алматыға (Екінші өлең)

  • 0
  • 0

Ей, Алматы!
Жалқы мұңның жанарындай күз келді
Астанаға... Сосын «Пушкин» бағына.
Қайта айналып келе ме екен бізге енді,

Толық

Қарап көріңіз