Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан ызғары

1986 желтоқсанда
Мұндай суық хабарды ел тосқан ба
Бұйрық шықты басшыны алат деген
Ызғарлы күн он алтыншы желтоқсанда

Рухы биік, ежелден өр халықпыз
Заманның тар кезінде шындалыппыз
Жастарың шықты алаңға ұрандата
Кеңестің кесапатын қарсы алыппыз

Сұп-суық мұздың үсті оранды отқа
Жазықсызды жазалады үлкен сотта
Аппақ қар боялды қан қызылға
Төңген бұл - қасіретті қара бұлт па?

Елім деп кетті талай боздақтарым
Бүгінде еске алады ел аттарын
Азаттықтың ақ таңын алып берген
Есімдерін жадымда мен сақтадым

Тарихымда болған талай қанды соғыс
Дегенмен де жығылмаған намысымыз
Бүгінде бейбіт елдің төріндеміз
Қазақстан-байтақ далам ұлы қоныс



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз