Өлең, жыр, ақындар

Намаз оқы

Намаз оқы, баурым намаз оқы
Сауап жаса, жүрекке иман тоқы
Бұл өмірде алаңсыз жүргеніңмен,
О дүниеде аямас тозақ оты

Сәжде жаса, тигізіп маңдайыңды
Намаз ғана тазалар бар уайымды
Шын ниетпен сұрасаң береді ғой
Қолыңды жайда, баянда жағдайыңды

Бүгін барсың, ертең жоқ, ойлан бауыр
Бір күн келер, қазылар суық қабір
Өлмейтіндей өмірді сүріп жүрсің
Қияметің сауапсыз азабы ауыр

Ташкенбай Бекарыс



Пікірлер (5)

ІҢКӘр

Білмим

Айсана

Ең алдымен мінездеріңді жөндеңдер

Асия

Керемет өлең жолдары

Асия

Керемет

айгерим

керемет өлен екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз