Өлең, жыр, ақындар

Өмірге құштар құмырсқа, күн батқанша тынбайды!

  • admin
  • 28.01.2024
  • 0
  • 0
  • 319
Өмірге құштар құмырсқада,
Күн батқанша тынбайды,
Адамды еңбек шыңдайды,
Бесіктегі балаға əндіде,

салсаң тыңдайды,
жүз жақсыны бір жаман,
арам болса былғайды,
ары таза азамат,

жауыздық сірə қалмайды,
жетесізге сөз айтсаң,
асау аттай туларды,
сынбайын деген пияла,

тасқада түссе сынбайды,
мезгілі жеткен жеткен құмыра,
құмғада түссе қыйрайды,
ұяға шықса сұр жылан,

құс біткендер шулайды,
естімейді деме саңырау,
жүрекпен бұл да тыңдайды,
үні шықпас деме мылқауды,

егіліп ол да жылайды,
залыммен жолдас болсаң,
кез боларсың қыйынға,
ыңғайлап жүрер мылтықтың,

шүріпесін басуға,
қыйын іс түссе басыңа,
дайын тұрар қашуға,
сонда да болғын ақылды,

ырықты бермей ашуға,
үмітіңді ақтамас сенімді артсаң масылға,
жұрттың бəрін дос көрме,
дұшпаның жүрер қасында,

екі бұлбіл сайрамас,
бір бұтақтың басында,
бүгін бар дүние ертең жоқ,
осының өзі бір мысал.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елбасы - ел тірегі

  • 1
  • 3

Бірлігіміз жарасқан,
Тірлігіміз жанасқан,
Бүгін міне осы күн
Келіп жеттік бұған да.

Толық

Қарап көріңіз