Өлең, жыр, ақындар

Әкені жоқтау

Əкені жоқтау
Ханыша Төлегенқызы

Əкешім жақсылардың жақсысы еді,
Əр іске бапкерденде баптысы еді.
Қас қақанша бір ғұмыр түгесілді,
Уақыттың осы екен нақты шегі.

Дүниенің ұстатпас бұлаңын-ай,
Асқартауым амал не құладың-ай.
Қабырғасы сөгіліп қараормандай,
Қайран жұртым, қайғрып жыладың-ай.

Əкеме барша халық тамсанатын,
Өнердің игерген деп сан- саласын.
“Жақсының жаттығы жоқ” деген рас,
Адамның бəрін күліп қарсалатын.

Əкешім адамдықтың өлшемі еді,
Жаны жайсаң, мінезі көркем еді.
Сынақ өмір, сынды ерте амал нешік?
Бəрін ойлап өзегім өртенеді.

Əкешім із қалдырдың көп тағлым,
Пенделік кінəларын кеш Тəңірім.
Жəннаттық еткізсекен бұл жалғанда,
Өтеген мұсылмандық бес парызың.

Əкешім сазгер едің, ақын едің,
Біріктіріп жүретін басын елдің.
Иненің жасуындай қиянатсыз,
Артығымен беретін хақын ердің.

Əкешім əділ едің, төреші едің,
Жасайтын жалғыз емес, көп есебін.
Келелі “іс” бастарда кəрі- жасы.
Ақыл сұрап, өзіңмен кеңесетін.

Əкешім жаман атқа ілікпедің,
Ортаңда емші едің, сынықшы едің.
Жаны мен тəні ауырған елің келіп,
Арылатын аурумен күдіктен мың.

Өмірдің жалғанынна күйінемін.
Əкешім асқар едің, биік едің.
Қабіріңде қасиетті нұраға толсын.
Бөленгендей өмірде сыйына елдің.

Бір-ақ күнде төңкерліп қара аспаным,
Жанымды құлазытты жаратқаным.
Иманың байлығың боп ахиретте,
Рухың мекендесін жəннатбағын.

Жанымды дəл əкемдей ұғыпты-ай кім?
Қайғымды қалай енді құрқтаймын,
Қайтыңба бұл жалғаннан шын өмірге?
Хорек боп өсімдікке жілік майың.

Əкешім хош бол енді қормалым-ай,
Қазаңның бізге ауыр болғанын-ай.
Əкеме иман, қалғанға қайрын беріп,
Сабырменен анамызды қолда Құдай!?
21/01/2023



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз