Өлең, жыр, ақындар

Қызыл төбе,тарихыңды ел білмейді

  • admin
  • 20.01.2024
  • 0
  • 0
  • 194
Қызыл төбе,тарихыңды ел білмейді,
Бұл жерді талай қызық көрген дейді,
2000 жылы құрылған бұл ауылда,
Бұл күнде жиырма мың жан мекендейді

Өз ауылым басқалардан бөлек екен,
Мәңгілікке бір сені жырлап өтем,
Ауаңның ғажабынан айналайын,
Арайлы ақ мекенім туған өлкем.

Қызыл төбе ғаламаттың ғажабысың,
Ашық ауыз балаңның таңдауысың,
Басқаның жерүйірін қайдам бірақ,
Мына менің көк жиек бар бағымсың.

Ақтаудай ақ қаланың жалғап ұшын,
Кішкені жерді алып жатқаныңмен,
Балаң үшін бар әлем арманысың,
Өз ауылым алтыннан әппақ екен,     
Жеріңді жалпағынан басып жүрген,
Он екі мүшемдеде бар бақ екен,
Қызыл төбе атыңды жүрекке сап,
Өлелгенше жадымда сақтап өтем.

Талай, талай қызық өткен ауылым,
Осы ауылда тума,туыс,бауырым,
Жүрегімнің түбіндегі туған жер,
Сүйеді сені ел жұрттарың қауымың.

Тағы қосып айтпауды жөн көрмеймін,
Басқа жер іздеп енді сенделмеймін,
Қызыл төбем тұрғанда Алла берген,
Жерұйықты осы жерден көргендеймін,
Жер шарының қай жері болсадағы,
Қызыл төбе өзіңе тең көрмеймін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мендік жүрек

  • 0
  • 0

Мендік жүрек жүрек емес ақындық
Мендік жүрек сен дегенде бақилық
Мендік жүрек сүйіп өтер бір сені
Мендік жүрек саған деген жақындық

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар