Жоғалмаңдаршы ағалар
Көрінбей кетті,
талай күн болды,
қайда жүр?
Табатын оны
қай дала екен,
қандай қыр.
Сағынған жоқпын,
шырт оятатын
ұйқымнан
Кішкене ғана,
сәл мазалайтын
уайым тұр.
Қайда екен олар,
сәлемі түзу
даналар?
Кешегі күндей
Бұл күнді кімдер
жаға алар.
Дүние құрып,
жер жүзі күл боп
кетсе де,
Жоғалмаңдаршы,
жоғалмаңдаршы
ағалар..
Қарап көріңіз
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі