Өлең, жыр, ақындар

Қызығын бұл жалғанның...

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 76
«Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да малға кедей, тілге баймын.
Күніне мыңды алып, жүз берсем де,
Қалтамның түбі тесік байымаймын».
Мыңды алып, мен де жүзді беріп келем,
Қызығын бұл жалғанның көріп келем.
Баласы Қошқарбайдың Шашубайдай,
Малға емес, сөзге көңіл бөліп келем.
Тартқан ба мінезім де Шашубайға,
Шашылып жатам кейде, басу қайда?
Айрылып барымнан да, нарымнан да,
Іздеймін жан ашуын басуға айла.
Жоқ демен сонда-дағы жоқ демедім,
Жоқтан бар жасамай ма отты өлеңім?!
Мыңды алсам, мыңды беріп, мыңдап танып,
Ақынның сал-серісі боп келемін.
Той бастап, жорға міндім тербетіле,
Сыймадым тасып көңілім жер бетіне.
Жарқылдап найзағайдай өткен күннің,
Саусақты басайыншы пернесіне.
Бір перне бір пернеден мұңлылау ма?
Сазды үні сүйегімді бұрғылауда.
Қияда шарықтаған қайран көңіл,
Күн санап шыңырауға құлдырауда.
Ауладым Алатаудан ұларымды,
Кеудеме бастым жұпар тұмарымды.
Дүние сырға тұнған, жырға тұнған,
Баса алмай қойды-ау бірақ құмарымды.
Десе мұң мен қайғы қаншама ащы,
Өмір деп жасар адам жанталасты.
Он келіп, он кетсем де, беу дүние,
Құмарым саған деген тарқамас-ты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шоқтығы кездей қазан ат

  • 0
  • 0

Шоқтығы кездей қазан ат,
Шашасын шаңға шалдырмас.
Жақсыдан туған азамат,
Жолдасын жауға қалдырмас.

Толық

Балаларым бықытым

  • 0
  • 0

Саулығың керек сеңдердің, көген көздерім,
Бастағы бақыт, алдағы шаттық – өздерің.
Еңсемді басса қиналған кейбір кездерім,
Еңсемді менің көтеріп жүрген өздерің.

Толық

Беу, дүние

  • 0
  • 0

Тоқтамас тылсым дүние керуені,
Бұл неткен шетсіз-шексіз шеру еді.
Бұл шеру адамзаттың ұрпағының,
Өмірден өтуі мен келуі еді.

Толық

Қарап көріңіз