Өлең, жыр, ақындар

Тамсанып, таңғалмағын сұлуларға

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 79
Тамсанып, таңғалмағын сұлуларға,
Жаныңда, жанарыңда жылу бар ма?
Сұлуға жылуы жоқ тағдыр қосса,
Тауқымет тартар, татар уың да алда.
Ару бар шайдай ашық ажары аспан,
Жайдарлы жанарынан шуақ шашқан.
Сөзі бал, үні самал тебірентер,
Жаралған жан болсаң да қара тастан.
Сұлу бар тәкаппарлау аққу мүсін,
Пұлдамас мойнын бұрып көркі-түсін.
Былғамас ар төсегін, жар төсегін,
Арысы, абыройы намысы үшін.
Сұлудың қызықпа тек тұлғасына,
Сұлудың қызықпа құр басына.
Болмаса жан шуағы ар, ұяты,
Сұлуды ап шыға алмайсың шың басына.
Өтпес пышақ, жаман ат, жаман қатын,
Осы үшеу-ақ жігітті қор қылатын.
Асыл жар, арғымақ ат, алмас қылыш,
Ер басын осы үшеуі зор қылатын,
Абыройын асырып, асқақтатып,
Ырысын, несібесін мол қылатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, табиғат

  • 0
  • 0

Ей, табиғат, еркелеткен көп ұлыңның бірі едім,
Көкірегі – күй мен күмбір, тұла бойы жыр едім.
Саған деген ынтызарым бір басылмай қойды ғой,
Қалай ғана мамыражай кірпігімді ілемін.

Толық

Бауырым Абайға

  • 0
  • 0

Арысым, ақ пейілім, Абайым-ай,
Жас толар сені ойласам жанарым-ай!
Ағалап жарқ-жұрқ етіп жүруші едің,
Жұлдызың ерте сөнді-ай, қарағым-ай.

Толық

Жоқшыдай жоғын іздеген

  • 0
  • 0

Жоқшыдай жоғын іздеген,
Жолаушы жанбыз біз деген.
Қалмады орман сүзбеген,
Қалмады сулар жүзбеген.

Толық

Қарап көріңіз