Өлең, жыр, ақындар

Дауыс бер, халқым, ұлыңа

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 49
Дауыс бер, халқым, ұлыңды наза етпегін,
Бірлігің болса арманды күнге жеткенің.
Алауыз болсаң алақан жайып қаласың,
Даналар сөзі, бұл – сөзім емес тек менің.
Дауыс бер, халқым, сөзі оның отты, дуалы,
Тәуелсіз елдің желбірер көкте туы әлі.
Сергелдең шақта серкедей қойды бастаған,
Ерлердің ерін ғасырлар ғана туады.
Дауыс бер, халқым, бөлінбей ала-құлаға,
Бөлінер болсаң құладың орға, ұраға.
Бөрілер қанша тығылған бөрік астына,
Жыландар қанша жұмыртқа салған жыраға.
Дауыс бер, халқым, ұлыңа текті, киелі,
Гандидей ол да өртене елін сүйеді.
Дауыс бер, халқым, ұлыңа, текті киелі,
Нерудей ол да бір саған басын иеді.
Дауыс бер, халқым, тізіліп аппақ қайыңдай,
Бірлік бар жерде көрсінші дұшпан тайынбай.
Боз бие шалып бата бер, дана қарттарым,
Әумин, кәне! «Болсын деп Абылайымдай».
Дауыс бер, халқым, жарқылдап күліп, түйілмей,
Дұшпан да бізге тұра алмас сонда сүйінбей.
Боз қасқа шалып, қарттарым, бата беріңдер,
Әумин, кәне! «Болсын деп Төле биімдей».
Дауыс бер, халқым, арқауың босап сөгілмей,
Қаптап бір шыққан қамалдың алғаш көгіндей.
Қол жайып бата сұрайық Қызыр бабадан,
Әумин, кәне! «Болсын деп Қазыбегімдей».
Дауыс бер, халқым, ұлыңа ерен, дарынды,
Таптатпас жерге намысың менен арынды.
Қол жайып, кәне, бәріміз бата жасайық,
Әйтеке бидей болсын деп алым-шалымды.
Білесің, халқым, аямай тіптен ол жанын,
Сапарға шығып елдерде сансыз болғанын.
Қазақтың барын танытып бүкіл әлемге,
Тұрғызып жатыр бірліктің ұлы қорғанын.
Көңілің, халқым, бұл іске қалай тоя алмас,
Таныды әлем, ұйқыда ең бұрын оянбас.
Нұрсұлтан соққан қазақтың ұлы қорғанын,
Қолдай гөр Алла, ешбір күш енді жоя алмас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім көрді «ақылым кем» дегендерді

  • 0
  • 0

Кім көрді «ақылым кем» дегендерді,
Ақымақ әжуа етер кемеңгерді.
Саяз су сарқыраған көзге түсіп,
Көрмейміз тұнып аққан тереңдерді.

Толық

Құл болмайды ер жігіт

  • 0
  • 0

Ешқашан қатынға еркек құл болмайды,
Құл болса елін қорғар ұл болмайды.
Қатынына құл болған ер кіндікте,
Қарабақыр құнындай құн болмайды.

Толық

Армысыңдар, жігіттер

  • 0
  • 0

Армысыңдар, жігіттер, армысыңдар,
Аман-есен бәрің де бармысыңдар?
Менен ұшып сендерге қонақтайтын,
Сәлем атты кеудемде жыл құсым бар.

Толық

Қарап көріңіз