Өлең, жыр, ақындар

От-жалыны жанымның

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 59
От-жалыны жанымның басылған жоқ,
Шымылдығы сырымның ашылған жоқ.
Сөз маржаны әлі де жұлдыз болып,
Күмбезіне көгімнің шашылған жоқ.
Сара дарын, сазды жыр бойымдағы,
Қазынадай жер-ана қойнындағы.
Мың жыл жазсам, тәңір-ау, таусыла ма,
Таусыла ма ғаламат ойымдағы.
Санға бөліп санамды сабылдырып,
Сиқырлады сылқым жыр табындырып.
Ұмыттырды от басы тірлігін де,
Серілердей бұрынғы қағындырып.
Осы өлеңде бар ма деп құны атамның,
Көңілімді көншітіп жұбатамын.
Жан қиналып дөңбекшіп, аласұрып,
Атар емес ойсыз бір құба таңым.
Тербетілген теңіз-ой терең екен,
Тұншығуың, талуың керек екен.
Тарықтырып, кетсе де жабықтырып,
Жадыратар жанымды өлең екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әділеттің жолында

  • 0
  • 0

«Әділет» деп,
Әділеттің жолында,
Семсерлерін сермегендер сорлайды.
Түптің-түбі әділетті көксеген,

Толық

Күлкі азайып

  • 0
  • 0

Күлкі азайып,
Мұң көбейіп барады.
Көңіл күпті,
Жан жүрегім жаралы.

Толық

Алланың шапағаты

  • 0
  • 0

Алланың шексіз мейірім шапағаты,
Алланың жан адамға аманаты,
Ақыл-ой аң-құстардан артық берген,
Тірлікте шықпасын деп жаман аты.

Толық

Қарап көріңіз