Өлең, жыр, ақындар

Атымтайдай болсам-ау

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 69
Атымтайдай жомарт болған жан бар ма?
Атымтайдай болар мен де мал бар ма?
Қысқа жіптің келтіре алмай күрмеуін,
Өксіп өткен күндерім көп арманда.
Бірді екіге сонда дағы бөлместен,
Сұрағанға бердім сөзге келместен.
Дүние үшін қабақ түйіп, күйініп.
Бір адаммен жан емеспін «сен» дескен.
Бөліп берсем деймін қолда барымды,
Ойламастан қарақан бас қамымды.
Берді Құдай пейіліме шүкірлік,
Көтере алмас осы дәулет, бағымды.
Қай арманы орындалар ойдағы,
Күш-қайратты сарқып келем бойдағы.
Тілегенім – жетілгені жетімнің,
Тілегенім – қайыршының тойғаны.
Бір басыма мал да, жан да жетеді,
Мекен-жайым – Алатаудың етегі.
Көрсем бірақ кем-кетікті, жетімді,
Іштей жылап, еңсем түсіп кетеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көз алдымнан дидарын кетер емес

  • 0
  • 0

Көз алдымнан дидарын кетер емес,
Бір өзіңе ешбір жан жетер емес.
Тұсау жіптей десе де ғұмыр қысқа,
Сенсіз бірақ күндерім өтер емес.

Толық

Жаны шуақ жан екенсіз

  • 0
  • 0

Таттым аға, ащыны да тәттіні,
Енді оралмас балалықтың пәк күні.
Көре-көре көсем болар дегендей,
Көре-көре білдік жаман-жақсыны.

Толық

Шабыт – шаңырақ

  • 0
  • 0

Шабыт – шаңырақ, сөз – уық, ойың – жайған кереге,
Осы үшеуі жымдасып айналар бүтін денеге.
Қисынсыз шумақ қыстырып, жұлқа тартса желбауды,
Ұятқа өлең қалдырып, шаңырақ түсер төбеңе.

Толық

Қарап көріңіз