Өлең, жыр, ақындар

Бәрі де өмірімнің – өлеңімде

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 61
Бәрі де өмірімнің – өлеңімде,
Өрім де өрмелеген, төменім де.
Тұнығым, тұңғиығым, тереңім де,
Ту тігіп, дабыл қаққан белеңім де
Бәрі де өлеңімде, өлеңімде.
Күндер бар кеудеме нұр ұялатқан,
Күндер бар күңіренген қиянаттан.
Ауытқып ар жолынан кеткенім жоқ,
Кеткем жоқ тайғанақтап тиянақтан.
Қытымыр қысым да бар қысып өткен,
Көк мұнар көктемім бар құшып өткен.
Жазым бар жамылдырып жапырағын,
Күзім бар қаз, тырна боп ұшып өткен.
Сыным да, сымбатым да өлеңімде,
Сымбатты сұңқармын деп керегі не?
Қалт тұрып қас сұлулар қарамаса,
Маған ел сері атағын береді ме?
Мінім де, мінезім де өлеңімде,
Бұлғаққа, өлең шіркін көнеді ме?
Тура айтып туғанға да, басқаға да,
Жақпаймын, бұған жұртым сенеді ме?
Бәрі де өмірімнің – өлеңімде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үкім жүрмес жүрекке

  • 0
  • 0

Жауыздықты ізгілікпен жасқап мен,
Әділетті үстем етем білекке.
Қара күшпен түссе дағы тасқа мең,
Қара күшпен үкім жүрмес жүрекке.

Толық

Адам боп келдім өмірге, адам боп өтсем арман жоқ!

  • 0
  • 0

Сыртымнан кесек атпаңдар,
Сыртымнан мені сатпаңдар...
Естімей елден әділ сөз
Өмірдің уын татқан бар.

Толық

Барыс жылы наурыздың бесінші жұлдызы

  • 0
  • 0

Барыс жылы наурыздың бесінші жұлдызы,
Бусанған шақта түрленіп жусан-қырмызы.
Өмірге келдім, өмірге келер бұл шақта,
Жүрегі шуақ Алланың сүйген ұл-қызы.

Толық

Қарап көріңіз