Өлең, жыр, ақындар

Ауылды аңсау

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 69
Сағынтты-ау, сайраны мол өткен күндер,
Сағымды керуен бел, көктем гүлдер.
Жаз жайлау айлы түнде, әудем жерде,
Ән салып алтыбақан тепкен күндер.
Сағынтты-ау, бозторғайдың шырылы да,
Боздала бозкөденің ызылы да.
Боздаған белдеудегі ботасымен,
Желіде жер тарпыған құлыны да.
Сағынтты-ау, төрт түліктің дүбірі де,
Ауылдың абыр-сабыр іңірі де.
Іргесін киіз үйдің қымтап жүрген,
Сырттағы кемпір-шалдың күбірі де.
Сағынтты-ау, асаулары атырылған,
Кететін атып-атып тақымыңнан.
Ащы құрт, ақтаған сөк, бидай көже,
Сары қымыз шарадағы сапырылған.
Сағынтты-ау, құрбылардың қалжыңы да,
Аман-сау болса екен барлығы да.
Асқатай ақбоз атын жүр ме мініп,
Бар еді серілігі, салдығы да.
Сағынтты-ау, әзілдері жеңгелердің,
Білмедім сендерге кім тең келерін.
Біреуі «мырза жігіт», бірі «төре»,
Дегенге шыныменен сенген едім.
Сағынтты-ау, арқа сүйер ағалар да,
Аға да керек екен сағаларға.
Сағынтты-ау, аңқылдаған інілерім,
Көтерген жүкті лайық қара нарға.
Сағынтты-ау, ақ тілекті әжелерім,
Халқының сақтап келген кәделерін.
Сағынтты-ау, қарындастар ағалаған,
Не деген арлы, ибалы әдемі едің.
Сағынтты-ау, ел қарттары құлжа сынды,
Арқалап арымаған бір ғасырды.
Ақылшым, көріпкелім сендер барда,
Білемін жүдеп, сағым сынбасымды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достым, саған айтар сырым көп менің

  • 0
  • 0

Достым, саған айтар сырым көп менің,
Басып өттім қырықтың қырқа өткелің.
Енді қанша жанар отым жарқылдап,
Шарпиды екен шартарапқа от-лебім?

Толық

Лаулап жанып жүргенде

  • 0
  • 0

Лаулап жанып жүргенде,
Заулап өмір өтіпті.
Көктемім де, жазым да,
Көзден ұшып кетіпті.

Толық

Қарап жатып енді міне шаршадым

  • 0
  • 0

Қарап жатып енді міне шаршадым,
Күш-қуатым бойымдағы қаншалық.
Көшедегі жасты көріп желіккен,
Қарай берем, қарай берем тамсанып.

Толық

Қарап көріңіз