Өлең, жыр, ақындар

Қадалып көкке жатырмын

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 58
Қадалып көкке жатырмын,
Жұлдызым менің қай тұста?
Жанындай о да ақынның,
Ойлы да мұңды байғұс па?
Төсінде көктің тұңғиық,
Көмескі тартып тұрсың ба?
Тұрсың ба сен де жыр құйып,
Шетсіз де шексіз тылсымға.
Жұлдызы болып ақынның,
Жаралған болсаң, жасыма!
Жанарын жасқап жасынның,
Жақұт боп шашыл, басыма!
Шабыт боп шарпып шайқағын,
Дарын боп дара дабылдат.
Өнердің сүймен сайқалын,
Сайқалды кетсін қағынды ап.
Түскенше көктен сорғалап,
Айныма адал қалпыңнан.
Қарақан басын қорғалап,
Күн көрер қу мен ант ұрған.
Жұлдызым, маған кейде сен,
Кінә да, мүмкін, тағарсың.
Жарты сөз жалған сөйлесем,
Алдамшы көзім ағарсын.
Кеудемде бұла бұлқынып,
Ақындық жүрек тұрғанда.
Жасасам жалған бір қылық,
Жібергін шалып құрбанға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілек

  • 0
  • 0

Кім болсаң да, қуанам болғаныңа,
Болғаныңа – тұғырға қонғаныңа.
Адам түгіл ағаштың жапырағы,
Табан асты жатпасын жолда мына.

Толық

Қайран өлең

  • 0
  • 0

Қайран өлең, құдіретің күшті екен,
Өңім түгіл, өксітесің түсте сен,
Дауа қонбас дерт екенсің мерт етер,
Құтыламын қандай амал істесем.

Толық

Шыр етіп кіндік қаным тамған мекен

  • 0
  • 0

Шыр етіп кіндік қаным тамған мекен,
Ең алғаш тынысымды алған мекен.
Өрілген өзегімнен өлеңімді,
Өзіңе өмір бойы арнап өтем.

Толық

Қарап көріңіз