Өлең, жыр, ақындар

Құрдасыма

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 219
Көктем өтті, жаз өтті, күз де келді,
Шықтым жолға жоғымды іздегелі.
Жалпаң мақтан, жалған сөз мезі етті,
Тек әділдік керек-ау бізге енді.
Тек әділдік қорғаным, туысым да,
Әділ болсам, абырой уысымда.
Ала қойды жайым жоқ бөле қырыққан,
Бөле қырықсам, маған ел жуысын ба?
Қайда барсам қасымда қалың қауым,
Жалғыз қалып тым сирек дамылдауым.
Мұңлы күйдей мұңдылау жырларымды,
Сенің мүмкін емес қой сағынбауың.
Туған едік бір жылдың бір айында,
Мұң бар екен байқасам шырайыңда.
Әрі-сәрі көңілің сен де мендей,
Мен де сендей ішімнен тынайын ба?
Өтті жастық, өкініш сол-ақ па екен?
Ойлай берсем, ақпандай борап кетем.
Желтоқсанда жаңғыртқан жаһаннамды,
Жастарыма қай жауыз оқ атты екен.
Опасыздар талайды жазалады,
Аққа күйе жақты да қаралады.
Боздағынан айырылған қайран халық,
Боздап жүріп боздағын азалады.
Сау болғай де, ендігі шыбықтарым,
Шыбығымды, ей, тағдыр, қырықпағын.
Мандайын ел сүйейтін талай-талай,
Бәйтеректі онсыз да жұлып та алдың.
Көктем өтті, жаз өтті, күз де келді,
Тек әділдік керек-ау бізге енді.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша ғұмыр,
Әділетті адамзат іздегелі?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барды барға теңегін

  • 0
  • 0

Барды – барға,
Нарды нарға теңегін.
Көтермейді қайық жүгін кеменің.
Ақылдымен бір туса да ақымақ,

Толық

Арымның таза екенін

  • 0
  • 0

Арымның таза екенін,
Жаныма жалау етемін.
Қаулаған өрттей өсекті,
Бықсытып басып кетемін.

Толық

Түнерме, бұлт, түнерме

  • 0
  • 0

Түнерме, бұлт, түнерме,
Түнерсең, жасын білер де.
Кеудеңді тіліп, осқылап,
Селт етіп төгер лезде.

Толық

Қарап көріңіз