Өлең, жыр, ақындар

Шөліркеген екен-ау, жырға жаным

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 144
Шөліркеген екен-ау, жырға жаным,
Келдіңдер ме сыңғырлап сырғаларың?
Өңім түгіл өнбойы түскен енсең де,
Бірің қолға түспестен құр қаламын.
Сен тағатын шолпының бір көзі үшін,
Пұлын жұмсап жатырмын бір қараның
Сырыңды айтшы сыңғырлап сырғаларың?
Жырлар, жырлар құмарым бала жастан,
Жүрегімді сен едің ала қашқан.
Ала қашып жеткізбей алыстағы
Ақ сағымға арман ең араласқан,
Қалушы еді құмарым тарамастан.
Сендерді іздеп аз емес шаршағаным,
Сендер ме деп қармадым таң самалын.
Сендер ме деп құшақтап шықтым түгел,
Алатаудың ақ қайын, аршаларын
Сендерді іздеп мерт болды қанша дарын...
Осы шығар елжіреп еліккенің,
Кейде ұнайды еркелеп желіккенің.
Жылуы жоқ өлеңді, жылуы жоқ,
Ақын жазып жатқанын көріп келдім.
Түте алмаған жібекті жүн етпей ме?
Қолында жүр қырық жамау бөріктерің.
Сендер келіп құмарым тарқады ма,
Тарқады ма, Тәңірім жарылқады ма?
Тұла бойым балбырап уылжиды,
Әлде жүрек әлсіреп шаршады ма?
Шыдар мекен кім білсін қаншалыға?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тірі болсаң кісілісікке жарадың

  • 0
  • 0

Тірі болсаң кісілісікке жарадың,
Енді өзінді сын үстінде санағын.
Кісілер мен кісі сымақ жаңдардың,
Айырмасы аспан-жердей, қарағым.

Толық

Беймарал туған жердің даласында

  • 0
  • 0

Беймарал туған жердің даласында,
Бұлдырай ақ сағымның арасында.
Күнара әжеме еріп, жусан теріп,
Қайтушы ем сәске түстің шамасында.

Толық

Ұлыма

  • 0
  • 0

Қиын да болса қияға,
Қыран боп, ұлым, қарағын.
Өлексе жиған ұяда,
Құзғындар қанша, қарағым.

Толық

Қарап көріңіз