Өлең, жыр, ақындар

Атамекен

  • 03.02.2016
  • 0
  • 1
  • 28779
Сүйем сені туған ел - атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Іздеймін деп «Жерұйық», желдей желген
Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен.
Қорқыт та емен елсізде, көр басында
Қобызымен сырласып күңіренген.
Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,
«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін - осы сертім.



Пікірлер (1)

Алтыбайқызы Аружан

Мына өлен маған қатты ұнады мен осыны жақсы өленді жанұяма оқып беремін

Пікір қалдырыңыз

Альбомға

  • 0
  • 0

Жапанда жалғыз бейіттей
Жолаушыға ой салған.
Көңілсіз жырым бір беттей
Көзіңді тартсын нұр тамған.

Толық

Әттең, жоқ қой қанатым

  • 0
  • 0

Әттең, жоқ қой қанатым,
Жерім көп ұшып баратын.
Борышым көп беретін,
Сыбағам көп алатын.

Толық

Тұтқын

  • 0
  • 0

Ашыңдаршы тар қапасты,
Көрсет күнді, соқсын жел.
Қара көзді қарындасты,
Қара жалды атты әкел!

Толық

Қарап көріңіз