Өлең, жыр, ақындар

Өлеңім – иықты еткен, биіктеткен

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 40
Өлеңім – иықты еткен, биіктеткен,
Өлеңім – күйікті еткен, сүйікті еткен.
Айтайын саған деген өкпе-назды,
Айтсам деп жүруші едім жиып көптен.
Толғантпай сені жүрген таңғажайып,
Қалайша тар кеудеме сыйып кеткен?
Желпінткен туған жердің белеңдерін,
Серпілткен айдын көлдің тереңдерін.
Мендегі ыстық құшақ сағынышпен,
Аймалап сен де бір күн көрер ме едің.
Алауын жүрегімнің, ақ жалынын,
Айта алмай келесің-ау, өлеңдерім.
Алтындай Қызылжардың топырағы,
Алыптай сап түзеген шоқылары.
Мен туған қыстақ орны бабалардың,
Мен үшін құм жамылған Отырары.
Өлеңім, сен осыны жыр етпесең,
Толғанып Жарылқасын отырады.
Шалғыны, шабындығы, шалқар көлі,
Қаз, үйрек, ақ қояны, арқар белі.
Кетпестен көз алдымнан қолын бұлғап,
Көлбеңдеп көкжиектен тартар мені.
Жетпеген менің тілім бұл суретті,
Өлеңім жеткізіп бір айтар ма еді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәмбі тал

  • 0
  • 0

Тамырлап тақыр шөлге өніп,
Желегін жайып желге өріп,
Жапанда жалғыз сәмбі тал,
Сыңсиды баяу тербеліп.

Толық

Әпке

  • 0
  • 0

Бір әкенің арттағы екі көзіміз,
Бөлінген жоқ тілегіміз, сөзіміз.
Сен де, мен де жұрағатты жұрт болып,
Өріс таптық, енді өзді-өзіміз.

Толық

Кімге жақсы бұл өмір, кімге жаман

  • 0
  • 0

Кімге жақсы бұл өмір, кімге жаман,
Кімге жарық бұл өмір, кімге қараң.
Тұңғиыққа батырып, тұншықтырып,
Бір қиындық кездесер күнде маған.

Толық

Қарап көріңіз