Өлең, жыр, ақындар

Суық жел

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 121
Суық жел инедей боп шаншылып тұр,
Бұзылып күннің түрі қарсы ұрып тұр.
Ебелек, қаңбақ түгіл, алты қанат
Ақ үй де солқ-солқ етіп алқынып тұр.
Теңіздей толқын атып, төңкеріліп,
Көк жүзін көміп жатыр ерке бұлт.
Зарлайды жел өтінде жасыл құрақ,
Кететін болдық-ау деп ерте құрып.
Күз күзеп дала төсін жалаңаштап,
Желегін желмен жұлып ала қашпақ.
Желдеген жерді сүзе жылқыларға,
Жете алмай бір жабағы барады ақсап.
Жылқышы қиқу салып құйындатқан,
Оларды қуды үйірге жиын жатқан.
Будақтап паровоздай жолым үй тұр,
Тезекке қосып қойдың қиын жаққан.
Көбейіп қарбаласы күндегіден,
Малшы жүр қарашаның дүрмегімен.
Әйелі сырық тіреп шаңыраққа,
Үзікті тартып жатыр ілмегінен.
Күтірлеп қураған шөп табандағы,
Сарқылған сауын малдың ағарғаны.
Күз дейміз, күз дегенің суыт жеткен,
Секілді кәрлі қыстың шабарманы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дос сенімі

  • 0
  • 0

Сенімді дос құм етсе жігерімді,
Қан ағызып тістермін бұл ерінді.
Амал қанша, таба боп дұшпаныма,
Еңсем түсіп, білемін, жүрерімді.

Толық

Он сегіз мың ғаламның

  • 0
  • 0

Он сегіз мың ғаламның,
Егесіне құлшылық.
Таңым атып арайлап,
Жарқырап тұр күн шығып.

Толық

Теңестіру

  • 0
  • 0

Жойылса егер бұл өмірден бір қиянат күншілдік,
Қиянат пен күншілдікке айналар бір шыншылдық.
Теңестірген таразының қос табағы секілді,
Жамандық пен жақсылықтың өлшемі бір кесінді.

Толық

Қарап көріңіз