Өлең, жыр, ақындар

Қарашы мына күннің түнерісін

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 67
Қарашы мына күннің түнерісін,
Кетпек пе тып-типыл ғып гүл өрісің!
Жарықтық, жадырағын, ертең мейрам,
Халықтың қара құрым тілегі үшін,
Жаратқан, халқынды сен білемісің?!
Шық бүркіп, тұманыңмен тұншықтырып,
Көрсетпе халқыңа сен қырсық қылық.
Сұғымен сұлулықты сұлатты күз,
Жүретін жанның бәрін ынтықтырып.
Үрпиген мойынындай көк кұтанның,
Тал, терек сілкілейді тек бұтағын.
Жоғалтпай жазға деген інкәрлығын,
Жаяды жасыл шырша серт құшағын.
Алатау аспанға ұшып кетті ме екен,
Көрінбей қалды неге текті мекен.
Жақсылық күтіп қарап жаутаңдаған,
Жанарлар әлде мезі етті мекен?
Тұнжырап кетті бәрі төңіректің,
Тұр ма екен жазын жоқтап еңіреп күн.
Жанарым менің қоса мөлтілдейді,
Тіршілік, тебіренгін, тебіренттің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақыттысың, қарағым, бақыттысың

  • 0
  • 0

Бақыттысың, қарағым, бақыттысың,
Қолыңда тұр қонақтап бақыт құсың.
Уайым жоқ, қайғың жоқ, дербезең сау,
Көктемдегі аспандай ашық түсің.

Толық

Әлкен Бегманұлы Айдарбековке

  • 0
  • 0

Әлкенжан, биік екен парасатың,
Қасиет хан басыңа жарасатын.
Түйсіксіз топастарға – таудан биік,
Сыйласқан – бетегеден аласасың.

Толық

Құмар деме

  • 0
  • 0

Құмар деме біреуді жылатуға,
Жұбатуға дайынмын, сұра, тума.
Әуестігім тағы жоқ, әлсіреген,
Дұшпан екеш дұшпанды құлатуға.

Толық

Қарап көріңіз