Өлең, жыр, ақындар

Жанып тұрған жалыннан жаралыппын

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 101
Жанып тұрған жалыннан жаралыппын,
Даналықтан жаныма нәр алыппын.
Батырлықтың бойымда белгісі бар,
Белгісі бар тағы да балалықтың.
Өшіп барып өртене тұтанамын,
Қандай, қандай ғаламат күші адамның?!
Жанып тұрған жарқырап бұл өмірден,
Жанып тұрған қалайша күсе аламын.
Көлбеңдемей көлеңке қалқасында,
Еңбектеймін құзар шың жартасына.
Құлар болсам құладым, шықсам шықтым,
Қайратымның қажымас арқасында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жақсылығың болмайды

  • 0
  • 0

Бар арманы, аңсары ауғандардың ақшаға,
Жақсылығы болар деп ойламағын басқаға.
Алла берген мейірімнен ада болған жандардың,
Жүрегі де, жаны да айналады тасқа да.

Толық

Көргенімнен көп екен

  • 0
  • 0

Көргенімнен көп екен көрмегенім,
Күйкі тірлік, көңілімді бөлме менің.
Сезім бермей, көз беріп тірлігіңде,
Менен өзге аз ба еді жерлегенің?

Толық

Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім

  • 0
  • 0

Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім,
Қайғысын қара халықтың көтере алмай бүгілдім.
Адамдар түгіл аңды да дос етпек едім тіл тапсам,
Есеппен ғана дос болған есерсоқтардан түңілдім.

Толық

Қарап көріңіз