Өлең, жыр, ақындар

Мен даланың ұланы едім, екі сөйлеп көрмеген!

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 84
Ақындық – батырлықсыз өлі дене,
Өлеңнің отсыз қазір көбі неге?..
Күркіреп көкте жасын ойнақ салмай,
Көбесі көк бұлттың сөгіле ме?!
Көбесін көк бұлттың сөкпеген соң,
Күркіреп көктен нөсер төкпеген соң,
Сарғаяр жасыл бағың, шындық та сол –
Шырқырап бір ақыны өтпеген соң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жер, еркелетші құлыныңды

  • 0
  • 0

Туған жер, еркелетші құлыныңды,
Сіміртші мөлдіріңді, тұнығыңды.
Қолдай гөр қайда жүрсем, қасиеттім,
Бір көзден қалған тұяқ, сынығыңды.

Толық

Ақбоз атты батыр

  • 0
  • 0

Астан-кестен от жалын жер мен көктің арасы,
Не боп кеткен Ресей, қайда қала, даласы?
Өлі дене жол бойы, бода-бода босқындар,
Қанталаған үрейден көздерінен шарасы.

Толық

Сынайсың ба?

  • 0
  • 0

Сынайсың ба, кел маған сүрінгенде,
Досың кетіп, дұшпаның түңілгенде?
Кім болсаң да көтерем сеніменен,
Саған түскен тағдырдың жүгін мен де.

Толық

Қарап көріңіз