Өлең, жыр, ақындар

Есеп емес мен үшін күн, түн деген

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 82
Есеп емес мен үшін күн, түн деген,
Тоқтамаса жүрегім дүрсілдеген.
Жолбарыстың қайраты, Арыстанның,
Айбаты бар бойымда іркілмеген.
Жорттым құба далада күні бойы,
Жорттым түлен ішінде түні бойы.
Бабалардың бойында қаны ойнайды,
Алабұртқан айта алман біліп ойды.
Елес пе екен естіген ертегіден,
Әлде ауылдың келтекі тентегі ме ем?
Атқа мінсем келеді көз алдыма,
Түмен қолмен, тұлпарлар жер тебінген.
Оқыс талай қыстым да тақымымды,
Ауыздықсыз тарпаңым атырылды.
Бұдан бұрын туғанда екі-үш ғасыр,
Болар ма едім қас батыр басы құнды?
Болар ма едім қас батыр, болар ма едім?
Әлде, әлде жуадай солар ма едім?
Қара білек күшімен қан қақсатып,
Қара жолда керуен тонар ма едім?
Ысып, қышып, кейбірде алақаным,
Ездік құрсын, ерлікті жаратамын.
Ерегісте биіктеп Алатаудан,
Сыйластықта жусаннан аласамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алла тең, ешкімді артық жаратпаған

  • 0
  • 0

Алла тең, ешкімді артық жаратпаған,
Туған жоқ елден ерек қанатты адам.
Кеудесін керіп тұрған біреу көрсем,
Жел кеуде сорлы ма деп қарап қалам.

Толық

Өкінбейді

  • 0
  • 0

Өкінеді біреулер әкем жоқ деп,
Өкінеді біреулер шешем жоқ деп.
Өкінбейді, сенбейді ешбір адам,
Ақыл-есің егер де десең жоқ деп.

Толық

Кием келіп көрінді

  • 0
  • 0

Кием келіп,
Ием келіп көрінді.
Көрінді де,
Түнгі ұйқым бөлінді.

Толық

Қарап көріңіз