Өлең, жыр, ақындар

Жастық шақ өтіп бара ма?

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 144
Жастық шақ өтіп бара ма,
Сағымға сіңген құйындай?
Бастапты самай ағара,
Тәңірдің тартқан сыйындай.
Сарғайып гүлзар бақтарым,
Солмақ па лала гүлдері?
Қайдасың, нұрлы шақтарым,
Қайдасың, бұлбұл үндері?
Сайрашы шалқар сазбенен,
Қаным бір тасып кетсінші.
Айтайын өкпе назбенен,
Өмірге мынау, өткінші.
Көкпар ғып тұсау тартқылап,
Дыр-думан етіп көшені.
Шыбыққа мініп шапқылап,
Жүрген шақ қайда кешегі?
Көргенде көркін тұтанып,
Шалғындай шалқып жанатын.
Кетті екен қайда құса ғып,
Періште-күміс қанатым?
Ғайып боп көзден, көңілден,
Бәрің де бірдей ұштың ба?
Кездесер көлді өңірден,
Қауырсын талы құстың да?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оңашада

  • 0
  • 0

Бақытты боп тудым ба?
Бақытсыз боп тудым ба?
Екі арасы белгісіз.
Сүйінгенде бұл өмір,

Толық

Қолымнан менің келсе егер

  • 0
  • 0

Қолымнан менің келсе егер,
Құс қанат тұлпар алдырып.
Күмістен ерді салдырып,
Күндіз-түн жортып талдырып.

Толық

Шашылмаған, аяққа басылмаған

  • 0
  • 0

Шашылмаған, аяққа басылмаған,
Қазынам бар кеудемде ашылмаған.
Сыйға тартып бір Алла сырлы сезім,
Сыйын тағы ешкімнен жасырмаған

Толық

Қарап көріңіз