Өлең, жыр, ақындар

Сыбызғы сырлы көктемім

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 101
Сыбызғы сырлы көктемім,
Сылқылдап күліп жеттің бе?
Селдете құйып кеткенің,
Сағыныш жасын төктің бе?
Табиғат түлеп жаңарып,
Жанарда жалын жанады.
Бұрымын бақша таранып,
Бұлбұлың әнге салады.
Көбелек қумай қырыңнан,
Бозторғай үнін тыңдамай.
Бұйыға түсіп қырымнан,
Жатысым үйде бұл қалай.
Жарқылдап жайдай төбемде,
Қоздырып шабыт ұранын.
Сорғалап түсті белеңге,
Мұз балақ ерке қыраның.
Даланы жасыл торды да,
Құланды қақтан таба алмай.
Ағып кеп жерге қонды ма;
Арқарды құздан қаға алмай.
Ақын мен қыран тала ма,
Ұштайық қалам, қанатты.
Ерке ғып ел мен далаға,
Сені мен мені жаратты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар еді менде бір костюм

  • 0
  • 0

Бар еді менде бір костюм,
Тарынған емен жоқтыққа.
Қанағат еттім тоқтыққа,
«Северге» тиын жеткенмен,

Толық

Бұл жалғанның рақат, азабын да

  • 0
  • 0

Бұл жалғанның рақат, азабын да,
Көрсет Алла мадағын, мазағын да.
Білу үшін қадірін жаннатыңның,
Жату үшін үн-түнсіз тозағыңда.

Толық

Болса да адам үшін бақыт көрік

  • 0
  • 0

Болса да адам үшін бақыт көрік,
Ширадым қайғы дәмін татып көріп.
Қатқан тоң қабат-қабат кеудемдегі,
Жанымның жылуымен жатыпты еріп.

Толық

Қарап көріңіз