Өлең, жыр, ақындар

Түйе неге көңілсіз?

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 78
Ой-һой, шiркiн, көктем,
Салтанатты неткен!
Жатыр əне – мысық,
Баурында төрт мысық.
Iлесiп жүр итке
Бақандай бес күшiк.
Мынау жүрген – шошқа,
Он бес торай тауып.
Қасында отыз шөже
Анау жүрген – тауық.
Сиырда – бiр бұзау,
Қойда – қозы егiз.
Қоқырайып қаз тұр,
Балапаны сегiз.
Апанында – қасқыр,
Бөлтiрiгi алты.
Аюда – үш қонжық
Əдеттегi қалпы.
Көңiлсiз ғой түйе,
Неге жүр ол жалқы?
Екi жылда бiр рет
Боталайтын салты.
Бота таппай бұл жыл,
Түйе содан тұнжыр...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тепловоз

  • 0
  • 0

Вагон-вагон темiрдi,
Вагон-вагон көмiрдi,
Вагон-вагон бидайды
Тiркеп алып, зулайды!

Толық

Ерлікті кім жасаған?

  • 0
  • 0

Бiз қашаннан тек жүр ек:
«Қайсысымыз батырмыз,
Қайсысымыз ер жүрек?» –
Деп дауласып жатырмыз.

Толық

Біздің Кеңесіміз

  • 0
  • 0

Күнде-күнде сабақтан,
Кешiгедi бiр досым.
Көрiп мұны сағаттан
Түзелмей-ақ жүр досым.

Толық

Қарап көріңіз