Өлең, жыр, ақындар

Он төрт әріп

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 81
(Скетч)

– Сұраймын кешiрiм,
Кiм сенiң есiмiң?
– Жарылқапберген!
– Өте қызық екен
Өзiң шидей болсаң да,
Атың тым ұзын екен...
– Оның несi мiн,
Кiм сенiң есiмiң?
– Сəт!
– Бар жоғы сол-ақ па?
Өзiң үйдей болсаң да
Атың тым шолақ та...
– Сенiң атың он төрт əрiп,
Оһо-һо!
– Сенiң атың үш-ақ əрiп,
Еһе-һе!
– Оған таң қалма.
Фу!
Менiң бiр немiс досым бар,
Фамилиясы – Шу.
– Сол да сөз екен-ау, – деп,
Жарылқапберген мақтанды тұра қалып, –
Менiң корей досым бар
Фамилиясы – Ю,
Бiр-ақ əрiп...
– Айтпақшы, сенiң фамилияң ше?
– Мұқанбетсабыров.
– Кететiндей екен адам жаңылып.
– Ол аз болса, əкемнiң аты – Тiлеумағанбет.
– Ойбай!
Екеуi де атыңа сай екен сондай.
Батырым,
Аты-жөнiң тұп-тура бiр шақырым:
Мұқанбетсабыров Жарылқапберген Тiлеумағанбетович.
– Күлме,
Оған кiнəлi мен емес мүлде.
Ал сенiң фамилияң ше!
– Раев.
– Атыңа лайық.
Ал əкеңнiң аты кiм? Мүмкiн ол да шолақ ат шығар?
– Нұр.
– Ту, пəле-ай,
Əдейi iстегенсiңдер ме, бұл.
Раев Сəт Нұровичсiң бе, сен, сонда.
– Дұп-дұрыс. Күлкi ме сол да.
– Ендеше, ресми түрде танысайық.
Жарылқапберген Тiлеумағанбетович Мұқанбетсабыров.
– Сəт Нұрович Раев.
– Кел, қол алысайық...
***
Бұл скетчтiң моралi:
Балаға атты талғамай
Қоятындар бар əлi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біткен дау

  • 0
  • 0

Балам айналыспаған
Спорттың түрi жоқ.
Менiң байланыспаған
Тренердiң бiрi жоқ.

Толық

Мінездеме

  • 0
  • 0

Қай баланың
«Бесi» көп,
Сол баланың есi көп.
Кiмдер алса

Толық

Қаз

  • 0
  • 0

Судан шықпас жаздайын,
Қаңқылдаған қаздарым.
Мойындарың бiлемiн,
Мойынындай түйенiң.

Толық

Қарап көріңіз