Өлең, жыр, ақындар

Ұран

  • 12.01.2016
  • 0
  • 12
  • 35323
Қазағым, қақтықпа, қамалма!
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті түн, атып таң, шығып күн,
Сал малды, сал жанды, аянба!
Мал баққан, жай жатқан ел едік,
Бейнетті көп тартқан ер едік,
Қаны жат, тілі жат, діні жат
Жат елден таяқты жеп едік.
Жатқа жем бай едік, кен едік,
Бағын жоқ биліктен кім едік,
Партия сұрқия, қым-қиғаш,
«Басы аман» көп надан сен едің.
Зарыққан, талыққан шағына
Тап болды бостандық бағына!
Ұйымдас, ұрандас, жағалас!
Сен де мін бабанның тағына!
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,
Терезең төремен болды тең.
Намыстан, қайраттан қатарға ен
Басқадан кем болған сенің нең?
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолына кұрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат.
Аллалап алға бас, ал Алаш!!!



Пікірлер (12)

Айжан

Керемет

Жандос

Қазағым, қақтықпа. қамалма!
Ел болар қамыйды амалда! кате камыйды емес қамыңды болады!!!!!!!!!! :-)

Жандос

Кетті түн, ағып таң, шығып күн ағып емес атты болады!!!!!!!!

Модератор

Жандос, Рахмет! Түзетіп қойдық! Жақсы көмек болды!

Гүлшарбат

керемет жақсы жазылған

Самбаева Жарқынай

Намыстан қайраттан қатарға ені емес ен

Жанна Турсынбаева

Жастарды болашакка нык кадам басуга шакыратын олен

сая

тамаша

Арайлым

өте керемет мағыналы өлең маған қатты ұнады

Мерей

Керемет!Тамаша!

Асем

Керемет кушти

Жалғас

Өте Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жазушыларға

  • 0
  • 1

«Алаштын» талабы зор, мақсұты мол,
Әр түрлі кемшілікке созып тұр қол.
Бір мақсұт — әйелдің халін аяп,
Азаттық, адамдыққа іздемек жол.

Толық

Ұршық

  • 0
  • 1

Зырылдап жүгір ұршығым!
Шүйкені талдап іпсітіп,
Көзімнің жасы құр шығын
Жүректі өртеп ысытып.

Толық

Жаман тымақ

  • 1
  • 1

Ертегіде бір кедей,
Қара қасқа қу кедей.
Қатыны бар қаншырдай,
Үш ұлы бар қамшыдай.

Толық

Қарап көріңіз