Өлең, жыр, ақындар

Тойға тілек

  • admin
  • 27.12.2023
  • 0
  • 0
  • 166
(Марқұм Тұрсынғазы Әлпейісов досым елуге келгенде оқыған өлең)

Жан досым, келдің биыл елу жасқа,
Жүрегің шерге толы, көзің жасқа.
Қаптаған қалың Суан ортасында,
Басқасы бір бөлек те, өзің басқа.
Елуің еңкеймесін, жан құрдасым,
Тілектес, топырақтас, тағдырласым.
Гүл жайнап Жұпар сұлу талдырмашың,
Тұлпарың тасқа тұяқ шалдырмасын!
Ел жүгін сен бір сабаз арқалаған,
Төріңнен той­-думаның тарқамаған.
Байыппен, бәсең жүріп, басып өттің
Талайдың тас кеудесін шалқалаған!
Бір ауық ел аңсадың, жер аңсадың,
Қайғырсаң, сүйенішің қаламсабың.
Түсіңе күнде енеді тыным алған,
Боғданың бауырында Кәмал шалың.
Адамда арман деген таусыла ма,
Әлі де тағдыр сыйлар сан сыбаға?!
Бұрқырап, тасты жарып шыға келер,
Құдайым ғұмыр берсе тамшыға да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертіс бардым

  • 0
  • 0

Ертіс бардым,
Сыр бардым,
Жайық бардым,
Жайдым жасыл желкенін қайықтардың.

Толық

Кер заманда

  • 0
  • 0

Ұлар шулап үрейленсе, ұлы таудан аң қашар,
Ін түбінен індет шықса, іргесіне жалғасар.
Кер заманда бағыланның борсық сорып құйрығын,
Кер сиырдың емшегіне сұр кесіртке жармасар.

Толық

Көкпар

  • 0
  • 0

Кім береді тізгінді ақылына,
Дода көрсе төнеді атын ұра.
Қалың топты қақ жарып, ойхой, шіркін,
Серке санын басады ол тақымына.

Толық

Қарап көріңіз