Өлең, жыр, ақындар

Көр іші – қара қобыз

  • admin
  • 27.12.2023
  • 0
  • 0
  • 90
Тірліктің тұраласа кер шолағы,
Көңілге қай­-қайдағы шер толады.
Арманды адам қуып жеткен емес,
Қырандай қос қанатың болса-дағы.
Таба алмас бұл жалғаннан жаның бақыт,
Жастығың өте шығар жалындатып.
Әкетер әлдеқайда ажал сені,
Біраз күн жер бетінде дамылдатып.
Мәңгілік бас қоясың оралмасқа,
Іздесе елесіңді таба алмасқа.
Қарайып қосың қалар арт жағыңда,
Белгі жоқ, бедерің жоқ одан басқа.
Ол-дағы қанша тұрар құдай білер,
Бір күні құзғын келіп құмайды ілер.
Ұйқыдан қу сүйекті оята алмай,
Ақырын ішін тартып жылайды көр.
Көр іші – қара қобыз күңіренген,
Ешқашан тілдесе алмас тірілермен.
Тылсымның жұмбақ сырын қайдан ұқсын,
Қара құрт қара жердің түбін емген?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрін көріп...

  • 0
  • 0

Төземін мен!
Жүріп өтсін ыстық от өзегімнен,
Аянатын түгім жоқ өз елімнен.
Өкінбейді соңында өмірінің

Толық

Мұхтар мен Абыз

  • 0
  • 0

Ақ домбыра, еңіре, қара қобыз, күңірен,
Аш күзендей бүгілем, алдыңа кеп жүгінем.
Алтын сақам үйірген алшы тұрмай тігінен,
Тайқып барып тәйкесі, жатып қалды бүгінен.

Толық

Қара жартас шер төкпес

  • 0
  • 0

Шын ақында айтылмайтын сөз қалмас,
Не жасырсын тоңған жүрек, тозған бас?
Сен – бір сұңқар ұшып­қонған айналып,
Мен – бір жартас қонысынан қозғалмас.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер