Өлең, жыр, ақындар

Менің ұлым

Менің батыр ұлым бар о, адамдар!
Тең келмейді дүниеде оған небір алтындар.
Бұл өмірде мен іздеген баға жетпес бақытым
Тек ұлымның жүрегінің соғысынан табылар.

Өмірде сондай бақыт сезінбеппін
Тек босқа жарты ғасыр өмір кештім
Өкініш өрттеп кеткен өміріме
Тек ұлым енді келіп дәнін септің

Сонша жыл күту керек болғаны ма?
Сарғайып мұң толғанша жанарыма
Күш кетіп шаршағанда қуат кетіп
Енді ғана мен жеттім арман ұлға

Біле алмадым қуанып шаттанам ба
Әлде ұлым бар деп елге мақтанам ба?
Не істейді бұл жағдайда о, жамағат?
Бұл өзі көштен төмен қалғаным ба?
Ештен кеш жақсы деген мәтел бар ед
Сол мақал маған тура айтылған ба?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар болғаны, менің де ана болғым келді

  • 0
  • 0

Мін айтып сын айтпаңдар маған ешкім.
Аллаға шүкір деймін, жынды емеспін.
Бар болғаны ана болу бар мақсатым
Келмедіі өкінішпен өмір кешкім.

Толық

Қарт ана

  • 0
  • 1

Кең екен аналардың құшағы да,
Тірліктің мәнін таптық құшағында
Өткеннің сәулесіндей шуақ шашып
Қарт АНА аман жүрші ортамызда.

Толық

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ

  • 0
  • 0

Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
Бүгін, ертең келер деп алаңдадым.
Құдіретті Алладан қолдау күтіп,
Бұйрық болса берер деп бағамдадым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар