Өлең, жыр, ақындар

ОЛ...

Ол..
қайнап жатқан су сынды бақытты,
әсемделген букет сынды бейбіт,
бидай нанға, нан сенімге айналғанындай ғайып,
галстук секілді мәмлешіл
және..
түнгі бөлмемізге түнеп шыққан түстеріміздей қонақ болатын..

жапырақтар қағазға, қағаздар мұңға айналғанын көрген емес
Бірақ, ол..
жылдар бойы есік қоңырауына үңілген сайын
алыс алыс жолдарға қарап отырғандай күй кешетін ылғи.

Ол -
Үмітімен суарған шөлді,
Үмітін шөлге еккен,
Менің ғазиз Отаным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Япурай (ескі бір орыс радиосына)

  • 0
  • 0

Ұсқынсыз әрі ақсақ болғаны үшін сүйілмегенін әңгімелеп отырған Темірдей шыншыл..,
және сыйланған түймедақтарға қуанып, өлуіне разылық
танытпаған жүрегіміздей сезімтал..,

Толық

Қираған үй

  • 0
  • 2

Қираған үй мен салынып бітпеген үйдің арасында айырмашылық жоқ дейтінбіз…
Қираған үйге үреймен, салынып жатқан үйлерге үмітпен қарайтынбыз бірақ…
Ал сонсоң,
Құдды өткеніміз бен болашағымызға қарағандай
қарап тұратынбыз екеуіне бірге…
үрейлі үмітпен..

Толық

Ол жайлы

  • 0
  • 0

Ол жайлы айтыңдар жаңбыр астында қалған үстелге..
аяқ іздері тосыннан тыңдауға келсін.
жапырақтан сырғыған тамшының үстіне,
сұп-сұрғылт екі сөз жайғасады сол сәт..

Толық

Қарап көріңіз