Өлең, жыр, ақындар

Ұстазға алғыс

Екінші сынып оқимын,
Айзада апай ұстазым.
Көңіліме тоқимын,
Оның ақыл-нұсқауын.

Үздік оқып бітірдім,
Біріншіні былтырғы.
Биыл да үздік атанып,
Жақсы оқуға ұмтылдым.

Небір қиын сабақты,
Түсіндірер оңай ғып.
Біздің ұстаз сүйікті,
Болмас ондай апай көп.

Мінезі де салмақты,
Мейірімі төгілген.
Ең бақытты ұстаз боп,
Жүрсе екен өмірде!

Мерекесі келіпті,
Ұстаздардың тағы да.
Мұғалімдер жасасын,
Елдің туған бағына!

Құттықтаймыз барлығын,
Мәртебесі шын артсын.
Шәкірттері үздік боп,
Ұстаздар шын қуансын!

Г.​ Қасенбай
27.09.2022

Тапсырыс беру үшін байланыс номерім: +77002303625






Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер