Өлең, жыр, ақындар

Ардагер

  • 06.01.2016
  • 0
  • 0
  • 2617
Сынар болса морт сынар шынар деген,
Тұрар болса және тік тұрар дене,
Өткір сынмен бастықты сойып салды.
Бір жиында сөз алып
Бір Ардагер.
Бұлтартпайтын шындықты.
Рас бәрі,(Түнергенмен басекең сыр ашпады)
Өзіме деп бәрінде алдырыпты,
Жеткен жерден
Созғанда құлаштары...
Рас бәрі, япыр-ау, рас бәрі.
Көп қамы емес
Өз қамы ойлағаны,
Әйелінсіз асыл зат қоймадағы,
Шықпайды екен,
Өзгеге жетпейді екен,
Құлқынының белгілі тоймағаны.
Істелген іс деп білем еріккеннен,
Заманымнан садаға көріктелген.
Сонау соғыс кезінде менің шешем,
Үзім нанын көршіге бөліп берген.
Ал бұлар керіседі хрустальға,
Қоймадан қойма қоймай зеріккеннен.
Деп Ардагер сыбады,
Сыбады-ай кеп,
Қос жанары от шашып шырадай боп.
– Кешір, – деді ал бастық, – кешіріңіз.
Ойламап ем айтар деп, мынадай көп.
Тәлімі мол осындай жақсы ортаның,
Шығардыңыз терімнің ақ сортағын.
Жарым алған шет елдік гарнитурды,
Ертең қайта қоймаға тапсыртамын...
Дегеннен соң бастығы «қыңыр» шалым,
Мәз болғаны (көп ескен өмір салын).
Мәрт мінезді ардагер аталар-ай,
Анда-санда осылай,
Дәл осылай,
Қағып беріп тұрыңдар көңіл шаңын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арал теңізіне ода

  • 0
  • 0

О, Арал теңізі!
Сақтап қалудың сені аман,
Іздеумен жолын мен алаң.
Қалайшы бұған көне алам,

Толық

Мейірім төгіп нұр саулап

  • 0
  • 0

Мейірім төгіп нұр саулап,
Күн сәулесі тарала.
Босап қысқы құрсаудан,
Жатыр балқып Жер – Ана.

Толық

Жер-ана, тербе мені!

  • 0
  • 0

Тоқтамасын нұрлы өмір дөңгелегі,
Адамзатқа бейбіт күн ең керегі.
Алтын БЕСІК өзіңсің әлдилеген,
Тербе мені, ЖЕР-АНА, тербе мені!

Толық

Қарап көріңіз