Өлең, жыр, ақындар

Тәй тәй тәй немерем

Ақ періштем аппағым,
Бесікте күлімдеп жатқаның.
Ата деп бірінші айтқаның
Білдіңбе маған жаққанын.

Тәй тәй тәй тәй немерем
Саған ғана гүл берем.
Құтты болсын қадамың
Жұлдыздардай сый берем.

Көктем шығар,
Келер жаз
Атан болса, олда маз
Тәй тәй тәй тәй немерем
Енді саған не берем?

Бақытты бол немерем
Көгерсін сенін көсегең,
Өскеніңді көрейін
Қолдасын сені періштең.

Тәй тәй тәй тәй немерем
Саған тағы гүл берем
Құтты болсын қадамың
Жұлдыздардай сый берем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аққудай сұлу жанарым

  • 0
  • 0

Аққудай сұлу жанарым
Көз тастап маған қарадың
Сүйкімді сенің жанарың
Өзіңсің жаным арманым.

Толық

Келіндерді сыйлайықшы!

  • 0
  • 0

Келін деген гүл екен ғой, гүл екен
Көз алдымда бақыт гүлі жүр екен,
Келін деген махаббаттың гүлі екен
Келін деген гүлдердің де гүлі екен.

Толық

Жаңақорған жәннәт мекенім!

  • 0
  • 0

Сағындырды ауылымның көктемі,
Сүйіп өстім ауылмау тексені .
Тырналарда тыраулайды көктегі
Жанақорған осындай ғой көктемі.

Толық

Қарап көріңіз